DSpace Repository

Фармацевтердің еңбегін құқықтық реттеудің кейбір мәселелері

Show simple item record

dc.contributor.author Нургалиева, Е.Н.
dc.date.accessioned 2023-08-14T03:43:05Z
dc.date.available 2023-08-14T03:43:05Z
dc.date.issued 2023
dc.identifier.issn 2616-6844
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/4699
dc.description.abstract Мақалада еңбек құқығының арнайы субъектісі - фармацевтердің еңбектік құқықтық статусы туралы жазылған. Қазақстанда осы категориядағы қызметшілердің еңбегіне қатысты ғылыми жұмыстардың жоқтың қасы екендігін, олардың құқықтары мен міндеттеріне, қызметтік нұсқауларына, жалақыларына және ынталандыру төлемдеріне, әсіресе осылар туралы Қазақстан Республикасының «Халықтың денсаулығы және денсаулық жүйесі туралы» Кодексінде көп олқылықтар мен жетіспеушіліктер бар екендігін еске ұстай отырып, көңіл бөлінді. Фармацевтердің құқықтары мен міндеттерінің көпшілігі медицина қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерімен араласып кеткендігінен, олардың ерекшелігін бөліп алу қиынға соғады. Оған қоса, фармацевтердің жалақысы өте төмен болғандықтан, автор оны жұмыс берушінің актілерімен белгіленген ынталандыру төлемдерімен көтеруге болатынын негіздеген. Қазіргі таңда фармацевтикалық кәсіпорындарда, аптекаларда сыйақы және басқа да ынталандыру төлемдері туралы ережелердің қабылданбағанын, ұжымдық шарттарда фармацевтерге емес, басқа медициналық қызметкерлерге қатысты еңбек жағдайларын жасауға, жалақыларын көбейтуге баса назар аударуын есепке ала отырып, фармацевтердің еңбегін, өмірі мен денсаулығын сақтау үшін көптеген шаралар қабылдануы керектігі айтылған. Оған қоса, ақырғы кезде фармацевтердің еңбек ету көлемі ұлғайып келеді, өйткені олар пациенттерге тауарларды тек қана сатып қоймай, олардың адам ағзасына қалай әсер ететіндігі, дәрігерлердің рецептпен берген дәрілерінің сипатын, рецептурасыз босатылатын дәрілердің қажеттілігін айтады. Яғни, дәрілермен жұмыс жасаған кезде (кейде провизорларға дәрі жасауға көмектеседі), өз денсаулықтарына зиян келуін біле тұра, уланулары мүмкін. Сондықтан, көп зерттеушілер олардың еңбегін зиянды, шиеленіс, ауыр жұмыстар қатарына жатқызады. Фармацевтердің еңбек құқығы мен міндеттерін құқықтық реттеуде кейбір баптарға қосымша толықтырулар берілді. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject фармацевтер ru
dc.subject қызметтік нұсқаулар ru
dc.subject құқықтары мен міндеттері ru
dc.subject құқықтық қорғаудың қосымша шаралары ru
dc.title Фармацевтердің еңбегін құқықтық реттеудің кейбір мәселелері ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account