Аннотации:
Аралас оқыту технологиясымен оқытудағы білімгерлердің жеке ісәрекетінің мазмұны тек білімді ғана емес, оқытуды ұйымдастыруда келесі
педагогикалық жағдайлар жүзеге асырылады: мақсат қою, білімгерлердің жеке
қасиеттерін жүзеге асыру және оның рефлексиясы ашық білім беру ортасында жүреді.
Мақалада тұлғаның жеке қасиеттеріне бағытталған оқытудың танымдық
белсенділікті дамытудың моделі қарастырылды. Дамыту моделі мыналарды қамтиды:
жаңа диагностикалық құрал, оның рөлін, оқу мазмұнын, әдістерін, формалары мен
оқыту құралдарын; Оқыту әдістерін таңдаудың жаңа критерийлері: білімгерлердің
танымдық белсенділік деңгейі мен сыныптағы оқу жағдайы; Білімгерлердің жеке
ерекшеліктерін ескере отырып, көрнекілік принципін кешенді жүзеге асыруға
негізделген полимодальдық оқытуды қамтиды.
Аралас оқыту технологиясымен оқытуда білімгерлердің жеке іс-әрекетін
ұйымдастыруға арналған әдістемелік қамтамасыз етудің компоненттері
анықталды. Олардың өзара байланысын сипаттау және шығармашылық өзін-өзі жүзеге
асыратын жеке қасиеттердің жиынтығы анықталды. Педагогикалық эксперимент
нәтижелеріне сүйене отырып, аралас оқытуда білімгерлердің жеке іс-әрекетін жобалау
және жүзеге асыру бойынша ғылыми-практикалық ұсыныстар жасалынды.