Аннотации:
Мақалада Орталық Азия елдеріндегі халықтың әл-ауқатының деңгейін
бағалаудың өзекті мәселесі қарастырылған. Халықтың әл-ауқатының деңгейін
өлшеудің теориялық, әдістемелік және қолданбалы аспектілері талқыланады. Халық
әл-ауқатын үш концепциялық әдіс аясында, яғни әлеуметтік-нарықтық, әлеуметтіктеңгерімді және әлеуметтік-либералды – тұжырымдап, жаппай игілікті мемлекетті
қалыптастыру теориясының эволюциясы ұсынылады. Объективті, субъективті және
аралас әдіснамалар сипатталып, макроэкономикалық индикаторлар (Дүниежүзілік
банк, Халықаралық еңбек ұйымы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы,
ТМД елдерінің мемлекетаралық статистикалық комитеті) мен тұлғаның өз
материалдық жағдайын, әлеуметтік капиталын бағалауы негізіндегі көрсеткіштерге
(Әлемдік құндылықтар зерттеуі, Еуразиялық барометр) негізделген мәліметтер
сараланады, бақыт категориясы аясындағы талқылауға шолу жасалады. Осылайша,
қарастырылып отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық саладағы саясаттың
концептуалдық іргетасы зерделенеді. Мақалада мемлекеттік органдар қызметінің
тиімділігін бағалаудың негізгі үлгілері талданады; статистикалық деректер негізінде
Орталық Азия елдерінің өмір сүру деңгейі мен сапасының негізгі факторларына
салыстырмалы талдау жүргізіледі. Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда,
Тәжікстанда және Түркіменстанда халық әл-ауқатын сипаттау мақсатымен
халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім, кедейлік деңгейі, жұмыссыздық
деңгейі, халықтың орташа айлық атаулы еңбекақысы, үй шаруашылығының ақшалай
шығыстарының құрылымы, білім беру және денсаулық сақтау салаларының деңгейі,
әлеуметтік қорғау деңгейі, индивидтің өз әл-ауқатын бағалауы сияқты критерийлер
мен көрсеткіштер анықталған. Зерттеу нәтижелері макроэкономикалық
көрсеткіштер мен халықтың өз әлеуметтік-экономикалық жағдайын субъективті
бағалауындағы айырмашылықтарды көрсетеді. Талдамалық жұмыс жасау барысында мәліметтердің толық және қолжетімді болмауы егжей-тегжейлі салыстырмалы талдауды қиындатты.