Аннотации:
Ұсынылып отырған жұмыста бериллий тотығы термопласт шликерiн
немесе суспензиясын құю процесiнiң математикалық моделi бойынша сандық есептеулер
нәтижесi мен эксперименттiк деректердi салыстырып талдау және оларды қорытындылау
қарастырылған. Зертханалық құю қондырғысының сақиналы каналында тұтқыр пластикалы
шликердiң қату процесiнде фазалық ауысу аймағындағы температуралық өрiске әртүрлi
параметрлi құю режимдерiнiң әсерi зерттелген. Алынған деректер негiзiнде шликердiң қату
шекарасы аймағының құю режимдерi параметрлерiне тәуелдiлiгi орнатылды. Тәжiрибе
деректерi бойынша құю процесiнiң математикалық моделi құрылып, сандық әдiспен
жүргiзiлген есептеулер нәтижесi эксперимент нәтижелерiмен салыстырылады.