dc.description.abstract |
Осы жұмыста Ақмола облысының аумағында дозиметриялық зерттеулер
жүргiзу үшiн үлгiлердi дайындау әдiстемесi қарастырылады. Осы облыстың аумағында
табиғи уран өндiрiлетiн және өңделетiн елдi мекендер (Степногорск, Кварцитка, Ақсу,
Заводской) орналасқан. Сондықтан осы елдi мекендерде сыртқы сәулелену дозаларын бағалау
бойынша зерттеулер жүргiзу маңызды.Үлгi ретiнде өзен құмы мен қызыл кiрпiш таңдап
алынды. Олар люминесценттi дозиметрияда кеңiнен қолданылатын кремний диоксидiнен
(SiO 2 ) тұрады. Құм өзен жағасынан жиналып, муфель пешiнде күйдiрiлдi, содан кейiн
бiрнеше объектiлерде (уран карьерi мен қалдық қоймасын қоса) экспонирлеу үшiн Степногорск
қаласына тасымалданды. Қызыл (керамикалық) кiрпiштер Степногорск қаласының шетiндегi
иесiз қалған үйден, сондай-ақ шағын аудандардың бiрiндегi жер асты жылу алмастырғышына арналған қоршаудан алынды. Олар зерттеу үшiн А.Ф. Цыба атындағы МРҒО Медициналықэкологиялық дозиметрия және радиациялық қауiпсiздiк зертханасына (Обнинск қ., Ресей) жiберiлдi. Үлгiлердi дайындау дозиметриялық зерттеудiң ажырамас және маңызды бөлiгi болып табылады. |
ru |