Аннотации:
Жұрнақтардың түбірге жалғануы морфонология құбылысы жағынан сөзжасам фонетикаға,
оның заңдылықтарына сүйенеді, туынды сөздерді оның құрамындағы қосымшалардың мағыналық өзгерісі,
дамуы тұрғысынан сөз еткенде, тарихи грамматикамен ұштасып жатады. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың сәйкесуі негізінде жаңа атау пайда болып, дыбыс өзгерістері арқылы да туынды мағына жасалады.
Дыбыстық өзгерулер сөз мағынасының өзгеруіне жағдай жасайды, олардың мағынасының өзгеріп, бұрынғы
мағынасының өзегін сақтай отырып, жаңа атаудың туындауына себепші болады. Мұндай дыбыстық өзгерулер арқылы туындаған сөздер тіл білімінде фонетикалық тәсіл арқылы сөз туындату деп аталып жүр.
Мақалада қазіргі қазақ тілі сөзжасам саласының фонетикамен байланысы қарастырылады. Атап айтқанда, әртүрлі фонетикалық, фонологиялық құбылыстардың сөз жасауға қатысына, оның ғылыми-теориялық негізіне назар аударылады.