Аннотации:
Мақала прецедентті мәтіндердің көркем шығармалардағы қызметін анықтауға
арналған. Бұл мәселе интертекстуалдылық теориясымен, көркем шығармаларды талдаумен, тіл
мен мәдениет арақатынасымен тығыз байланысты. Интертекстуалдылық теориясына берілген тар
түсінікте ол тек диалогтық қарым-қатынастармен ғана шектеледі, мәтінде қандай да бір нақты
мәтіннің айқын белгілері болады делінген.
Прецедентті элементтердің ұлттық мазмұнын зерттеу арқылы ұлттың ойлау жүйесіне тән
ерекшеліктері мен заңдылықтарын тани түсеміз. Көркем шығармаларда ұтымды қолданылған
прецедентті элементтер шығарманың көркемдік деңгейін арттырады, ұлттың таным-түсінігі мен пайымдауларынан мол хабар береді. Прецедентті мәтіндердің менталдық сипаттарын зерттеу, оны ұлттық болмыс пен ұлттық таным көрсеткіші ретінде тануға бағытталған зерттеулер ұлт өмірінен, дүниетанымынан беретін ақпарат қорын молайтады.