dc.description.abstract |
Мақалада мифологиялық дәуірге тән пері тектес кейіпкерлердің адамзатпен байланысына қатысты мотивтер талдау нысанына алынған. Ұлттық дүниетанымдағы перілер образы
мен әлем мифтеріндегі эльф, нимфа, сида, т.б. салыстырыла келе, олардың адам тағдырына қатысы,
тылсым сипаттары талданады. Перілер туралы мифтердің фольклор шығармаларына арқау болып,
дәстүрлі мотивке айналғанына назар аударылады. Сонымен бірге ерекше тағдырлы өнер иелерінің
тылсым әлеммен, ондағы тіршілік иелерімен байланысы тек фольклорда қалып қоймай, көркем әдебиет жанрларына тақырып болғаны мысалдармен көрсетіледі. Перілер туралы мотивтердің хикаяның өзегіне ғана айналып қоймай, ертегілер мен әпсаналардың да құрылымындағы тұрақты мотив
болғаны айтылады. Адамдар әлемінен өзге әлемге кетіп қалған, өмірлерін сол жақта жалғастырған кейіпкерлер туралы да қарастырылады. Бұл талдаулардың соңында перілердің адамзаттың ізгілік мұраттарын жүзеге асыруына жәрдемші сипатта түсіндірілгені туралы ой тұжырымдалады. |
ru |