Аннотации:
Лингвистика дамуындағы соңғы бағыттардың бірі - тілдегі жаңа сөздердің қызметіне прагматикалық көзқарас тұрғысынан автор мақалада неміс тіліндегі жаңа сөздердің, оның
ішінде аффиксті тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің прагматикалық мағынасын қарастырады.
Мақаланың мақсаты - неміс тіліндегі аффиксті жаңа мағыналы туынды сөздердің прагматикалық
компоненттерін талдап көрсету болып табылады. Бұл мақсат жаңа сөздерге компонентті талдау жасай отырып, жүзеге асырылды. Нәтижесінде автор белгілі бір аффикстің тілдегі бұрыннан бар сөзге
жалғана отырып, сол туынды сөзге жаңа мағына беріп қана қоймай, прагматикалық мағынаның интенсионалды, импликационалды және эмоционалды компоненттеріне ие болатындығын көрсетеді.