dc.description.abstract |
Мақалада ғұн империясының даңқты билеушісі Атилла (Еділ) туралы аңыздаулардың көркем әдебиеттегі көрінісі қарастырылады. Қазақ халқының арғы
ата-бабалары ғұндар мен оның патшасы Аттиланың мифтегі орны көркемдік бейне болып
сақталғандықтан, оның батырлық тұлғасына байланысты жазылған деректер талданды.
Әлем халықтарының аңыздарына арқау болған даңқты қолбасшының мемлекет құрудағы
және елдікті нығайтудағы істері оның көркем образын жасауға негіз болғандығы талдаулар
нәтижесінде тұжырымдалады. «Нибелунг туралы жыр», «Алып қолды Вальтарий» сынды
ежелгі герман эпостарында, исландиялық «Волсунга туралы сага», норвегиялық «Тидрек
туралы сага», скандинавиялық «Эдда» аңыздарындағы ұлы қолбасшының бейнесі салыстырылған. Әлемдік зерттеуші ғалымдар мен қаламгерлердің Атилла туралы жазбаларындағы деректер мен халық мұрасындағы сюжет, мотивтер талдаудың негізгі өзегіне алынған. |
ru |