Аннотации:
Фольклор тілін лингвистикалық тұрғыда зерттеу ғылымдар тоғысында қалыптасқан лингвофольклортану саласының маңызды міндеттерінің бірі болып танылады. Мақалада
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы сапалық сын есімдердің семантикалық ерекшеліктері талданып, фольклордың семантикалық кеңістігіндегі мағынасы мен қолданысы қарастырылады.
Фольклорлық мәтіндерде қолданысы мен мағынасы жағынан ерекшеленетін сөз таптарының бірі – сын есімдер. Сын есімнің мағыналық бір түрі – сапалық сын есімдердің фольклор мәтіндеріндегі семантикалық жүгі олардың семантикалық құрылымындағы компоненттер (семалары)
арқылы анықталады.
Ауыз әдебиеті жанрлары, оның ішінде лиро-эпостық мәтіндерде сын есімдер жиі қолданылып, аса маңызды семантикалық сипатқа ие болады. Сонымен қатар дүниенің фольклордағы
бейнесін жасауда ерекше рөл атқарып, ұлттық мәдениеттің, салт-дәстүрдің фольклордағы өкілі қызметін атқарады. Осыған байланысты сапа сындарының фольклор тіліндегі семантикасын зерттеу
барысында фольклор семантикасына қатысты бірқатар маңызды мәселелер анықталады.