dc.description.abstract |
Қазақ тілінде «ақ» сөзі көпмағыналы сөздердің қатарында қарастырылады.
Тілімізде бұл сөз заттық, сындық, сапалық мағыналарда қолданылатын көптеген сөздердің жасалуына негіз болған. Мақалада қазіргі қазақ тіліндегі «ақ» сөзінің сөзжасамдық әлеуеті сол сөзден
өрбіген сөзжасамдық ұяға талдау жасау негізінде анықталады. Тілдік деректер, яғни туынды сөздер
ғалым Б. Қасымның «Күрделі зат есімдер сөздігінен» және «Қазақ әдеби тілінің сөздігінен» жиналған. Сөзжасамдық ұяны зерттеген ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалып, «ақ» сөзінен 211
туынды сөз жасалғаны анықталады. Сонымен қатар сөзжасамдық ұядағы туынды сөздің 15-і синтетикалық тәсіл арқылы, 21-і лексика-семантикалық тәсіл арқылы, 175-сі аналитикалық тәсіл арқылы жасалғаны, 202 сөзжасамдық жұп, 174 сөзжасамдық тізбек, 3 сөзжасамдық тарам, 6 сөзжасамдық саты бары дәлелденеді. |
ru |