Аннотации:
Тәуелсіздік жайлы жазылған туындылар – ұлы пафосқа толы шығармалар. Олардың астарында әрдайым еркіндікке қол жеткізу, мәңгілік ел көрінісін арман ету мұраты жатыр.
Сондықтан да, тәуелсіздікті жырлау үлкен жауапкершілік пен сенімділікті талап етеді.
Мақалада қазіргі таңда өзекті болып саналатын тәуелсіздік тақырыбындағы шығармалар
кеңінен қарастырылады. Мақала тақырыбы бойынша көптеген теориялық әдебиеттер пайдаланылып, шығармаларға талдау жасалады. Қазіргі тәуелсіздік туралы жазылған туындылардың ерекшелігі, мақсаты, ондағы тәуелсіздік көрінісі идеялық тұрғыдан талданады. Қазіргі қазақ поэзиясындағы тәуелсіздік жайлы көзқарас пен тәуелсіздік түсінігінің жаңаша бағытта жырлану үлгісі
салыстырмалы түрде талқыланады. Өлең мен толғау арасындағы байланыс пен айырмашылық
бір-бірінен ажыратылады. Тәуелсіздік тақырыбына байланысты поэзиялық шығармалар салыстырмалы түрде талданып, қорытынды пікір жазылды.