dc.description.abstract |
Мақалада білім беру, оқыту үрдісінде «Қазақ тілі» пәні тәжірибелік сабақтарының оқу-әдістемелік кешенін (ОӘК) қазіргі талап тұрғысынан қарастыру мен тіл
үйрету әдістемесі сөз болады. ОӘК-нің лексикалық-танымдық тақырыптарын даярлауда белгілі бір ережелерді орындау, тіл бағдарламалары мен стандарттарындағы көрсеткіштерді есепке алу ұсынылады. Оқылым, тыңдалымға арналған мәтіндердің көлемі мен
мазмұнын талдау, монолог-диалогтардағы лексикалық минимум рөлін арттыру – басты мәселелердің бірі. «Қазақ халқының дүниетанымындағы рухани құндылықтарды» арнайы бөлім ретінде енгізу және оны меңгеруге арналған жаттығулар мен тексеруге қолайлы тапсырмаларды әзірлеу – білім саласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырумен түсіндіріледі. |
ru |