dc.description.abstract |
Мақалада оқылымға арналған мәтіндерді білім алушылардың деңгейіне қарай
іріктеу мәселесі сөз болады. Оқу материалдарын тек мәтін түрінде ғана емес, диалог,
кесте, сызба, диаграммалар формасында беру мүмкіндіктері және өлең нұсқасында ұсыну жайы талқыланады. Көлемді мәтіндерге тапсырма әзірлеу үшін оларды абзацқа бөліп
қарастырудың маңыздылығына мән беріледі. Мәтінге қойылатын сұрақтардың бірнеше
түрі ұсынылып, оларды оқитын орта мен білім алушылардың тілдік деңгейіне қарай
топтастыру қарастырылады. Оқу материалдарына арналған тапсырмалардың қарапайым сұрақ түрлері мен тест тапсырмалары, сондай-ақ, синквейн әдісі тіл табиғилығын сақтау және оқушыларды қызықтыру мақсатында сараланады. |
ru |