DSpace Repository

Қазіргі тарихи романдағы шығармашылық қиялдың орны

Show simple item record

dc.contributor.author Сәменқызы, Ұ.
dc.contributor.author Тұрысбек, Р.
dc.date.accessioned 2023-08-17T11:27:47Z
dc.date.available 2023-08-17T11:27:47Z
dc.date.issued 2022
dc.identifier.issn 2616-678Х
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/5099
dc.description.abstract Егемендік алғаннан кейінгі қазақ әдебиетінің басты сипатының бірі – тәуелсіздік жолында жанкешті ерлік жасаған қаһамандардың көркем бейнесінің жасалуы. Кеңестік кезеңдегі романдардан бүгінгі күрделі жанрдың басты ерекшелігі – Тәуелсіздік рухымен жазылуы. Осы тұрғыдан ұлттық әдебиетіміздегі қазіргі роман өз заманына сай дамып келеді. Зерттеу мақалада жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әкім Таразидің «Мұстафа Шоқай» және ақын әрі жазушы Рафаэль Ниязбектің «Тауқымет» романындағы көрнекті қоғам қайраткерлерінің тоталитарлық жүйемен бетпе-бет келген азаматтық болмысы мен асқақ рухының суреттелуі, автордың қаһарман тұлғасын жасаудағы көркемдік-стильдік ізденісі, авторлардың шығармашылық қиялы талданды. Бұл екі романды талдау арқылы, шығармашылық қиялдың кейіпкер жасауда, сюжет пен қақтығысты өрбітуде, туындыдағы оқиғалардың байланысы мен композициясында шешуші көркемдік қызмет атқаратынын аңғардық. Дей тұрғанмен, шығармашылық қиял тарихи тұлға болмысы мен тарих шындығына қарама-қарсы келмеуі шарт. Керісінше, қаһарман мен оның орта шындығын көркемдік тұрғыдан жинақтап, сюжетке айналдырып, характерлер қақтығысына құруда жазушы фантазиясының еркіндігі маңызға ие екеніндігін анықтап отырмыз. Басты кейіпкерлердің мінезін бейнелеуде авторлар қайраткердің түрлі жағдайды басынан өткерудегі психологиясын суреттеуге назар аударғандығы шығармадан үзінділер берумен дәлелденді. Романдардың негізгі желісін құрап тұрған психологиялық тартыс, жан драмасы, өмір мен өлімнің бетпе-бет шайқасы екендігі зерделенді. Автор үшін тарихи деректің шеңберінде қалу емес, қайта керісінше тарихи тұлғаның шынайы азаматтық-күрескерлік тұлғасын, жанкешті психологиясын ашу, тарихи ортаның тынысын оқырманға көрсету бірінші кезекте тұрғандығы танытып отыр. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject шығармашылық қиял ru
dc.subject тарихи дерек ru
dc.subject көркем образ ru
dc.subject автор ru
dc.subject тұлға және қаһарман ru
dc.subject Тәуелсіздік әдебиеті ru
dc.title Қазіргі тарихи романдағы шығармашылық қиялдың орны ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account