Аннотации:
Мақалада постмодернистік әдебиеттегі симулякр категориясының шығу
тегі, қалыптасуы және зерттелуі қарастырылады.
«Симулякр» ұғымының дамуы антикалық кезеңде бастау алып, постмодернизм
дәуірінде философ Ж.Батайдың негіздеуімен ғылыми айналымға енген. Терминге
қатысты алғашқы ой-тұжырымдар грек ойшылдары Платонның, Эпикурдың
трактаттары негізінде талданады. Антикалық кезең философиясында симулякр
заттың көшірмесі, репрезентациясы түрінде сипатталады. Кейіннен француз
ғалымдары Ж.Батайдың, Ж.Делездің, Ж.Бодрийярдың зерттеу еңбектерінде
симулякр жаңа қырынан талданып, қазіргі заманғы философиялық, әлеуметтіксаяси жағдайды сипаттаудың кең контекстінде беріледі. Ж.Бодрийяр ұсынған
«Симуляциялар мен симулякрлар» теориясы бойынша симулякрдың қоғамдағы,
өнердегі, әдебиеттегі көрінісі мен қызметі талданады. Ресей ғалымдары М.Эпштейн,
Н.Маньковская және О.Бычкованың симулякрлар теориясына қатысты ойтұжырымдары зерделенеді. Орыс әдебиеттанушысы М.Эпштейннің мақалалары
бойынша Кеңестік кезең идеяологиясының симулякрлар теориясымен өзара байланысы
қарастырылады. Философ, постмодернизмге қатысты бірқатар еңбектердің авторы
Н.Маньковскаяның зерттеу жұмыстарындағы симуляциялық қатынастардың даму
сатылары жайлы пікірлері пайымдалады. Ғалым О.Бычкованың орыс әдебиетіндегі
симулякрдың көркем мәтіндегі қызметі мен орнына қатысты тұжырымдары
талданады. Симулякрдың қазақ прозасындағы қолданысы әдебиеттанушы, PhD
Г.Сәулембектің зерттеу еңбегі негізінде қарастырылады.