dc.description.abstract |
Мақалада Сарыарқа қазақтарының рухани мұрасы оның ішінде
ғасырлар бойы атадан-балаға ауызша таралған фольклорлық мұраларының жиналу,
сақталу, зерттелу мәселелеріне және осы құндылықтардың ұрпақ тәрбиесіне рөлі
қарастырылады. Сарыарқаны мекен еткен қазақтардың рухани мұрасы туралы әр
кезеңдегі жүргізілген ғылыми-зерттеу экспецидяиаларға шолу жасай отырып, қазақ
даласын оның ішінде Сарыарқа даласын аралаған шетел саяхатшылары мен отандық
ғалымдарымыздың халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен этнографиялық жағдайынан
мәлімет берген еңбектерінде, Сарыарқа өңіріндегі қазақтардың фольклорлық
мұраларының озық үлгілерімен қоса (жоқтау, сыңсу, жарапазан, қара өлең, жұмбақ,
жаңылтпаштар және т.б.) классик халық композиторлардың шығармалары,
орындауышылық өнердің әртүрлі жанрларын ел арасынан жинап зерттегені анық
көрінеді. Ұлттық сипатқа ие Арқа қазақтарының фольклорлық мұралары аймақтық,
этникалық қоныстану ерекшелігіне байланысты өзіндік сипатқа ие екені анық.
Сондай-ақ еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, шетелден қандастарымыз көшіп келіп
Қарағанды облысының елді-мекендеріне көптеп қоныстанды. Сол келген қандастармен
бірге қазіргі жас ұрпақтың санасынан өшкіндеп бара жатқан, қазақтың әдет-ғұрып
салт-дәстүріне, орындаушылық өнері мен этнографиялық құндылықтарының
нышаны болған көптеген мұралар келді. Мақаланың ғылыми талдау бөлігінде,
Сарыарқа өңірін мекендеген байырғы қазақтардың фольклорлық мұраларының
үлгілері, қандастармен бірге келген құндылықтармен салыстырмалы қарасырылып,
аймақтық-орындаушылыққа тән ортақ ерекшеліктері, ұлттық рухани тұтастық
тұрғысынан тұжырымдалады. Мақалада берілген «қара өлең», «жарапазан», «жоқтау»,
«жұмбақ», «жаңылтпаш» сияқты фольклорлық мұралар туралы құнды деректер,
Сарыарқа қазақтарына жүргізілген ғылыми-зерттеу экспедиция барысында жиналған
тың материалдар негізінде сұрыпталды. |
ru |