dc.description.abstract |
Бұл жұмыста «Көкшетау» ұлттық табиғи саябағы аумағында орналасқан
Зерендi көлi микробалдырларының түрлiк құрамы зерттелiнiп, көл суына индикатор-сапробты
микробалдырлар көмегiмен экологиялық баға берiлдi. Зерттеулер 2015-2018 жылдары
жүргiзiлдi. Зерендi көлiнiң альгофлорасын зерттеу нәтижесiнде 107 түрдi құрайтын
микробалдырлар анықталды. Зерендi көлiнiң сапробтылық индексiнiң мәнi 2,01-ге тең болуы көл суының β –мезосапробты зонаға жататындығын дәлелдейдi. Зерендi көлiнде микробалдырлардың қарқынды өсуi жаз мезгiлiнде байқалады. Жазда жасыл және көкжасыл балдырлар, ал күз бен көктемде диатомды балдырлар доминанттық көрсететiндiгi анықталды. |
ru |