Аннотации:
Cұйытылған мұнай газдарын (СМГ) жоғары талғамдылықпен ароматты
көмiрсутектерге айналдыру үшiн цеолиттер мөлшерiн және модулiн өзгерту, әртүрлi
промоторларды енгiзу әдiстерiн таңдау жолымен дайындау тәсiлдерiн өзгерте отырып,
наноөлшемдi цеолитқұрамды катализаторлар жасалды. Сұйытылған мұнай газдарын
ароматты көмiрсутектер концентратына бiрсатыда айналдыру технологиясы көмегiмен
қоспалармен промоторланған, жаңа цеолитқұрамды белсендi және талғампаз нанокатализатор
алынды. Ең қолайлысы құрамында 0,5%Zn бар катализатор болып табылды. 650 ◦ С
және көлемдiк жылдамдығы 600 сағ −1 болғандағы АрК-тердiң максималды шығымы
24,2% құрады. Мақсатты реакция дегидраторлы және қышқылдық қасиеттермен жақсы
бiрiгiп жүзеге асады. Көмiрсутектердi өңдеуде әртүрлi элементтермен модификациялау арқылы цеолиттердiң каталитикалық әсерiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға болады. Осылайша, төмен молекулалы алкандарды ароматтау процесiнде цеолит катализаторлары шешушi рөл атқарады.