Аннотации:
Бұл мақалада Қазіргі жағдайда, интернеттің қарқынды дамуына байланысты, мейманхана
кәсіпорындары үшін маркетинг қызметінде интернет-маркетинг құралдарын қолдану бірінші орында тұр.
Осыған байланысты, бұл мақалада нарықта мейманхана қызметінің тиімді ілгерілеуін қамтамасыз ететін
интернет-маркетингтің кешенді жүйесін дамытудың ең маңызды, негізгі бағыттарын анықтау мақсаты
қойылған.
Мақалада қонақ үй кәсіпорындаорының біріктірілген маркетингтік коммуникацияның ажырамас бөлігі
ретінде интернет-маркетингтің кешенді жүйесінің мәні мен өзіндік ерекшеліктері анықталған. Жүргізілген
талдаудың негізінде қонақ үй кәсіпорындарының маркетингтік қызметінде интернет-маркетингтің тиімді
кешенді жүйесін қалыптастыру бойынша ең маңызды бағыттар анықталды.
Жұмыстың теориялық құндылығы қонақ үй кәсіпорындарындағы интернет-маркетингтің тиімді кешенді
жүйесінің негізгі ерекшеліктері анықталғандығынан көрінеді. Тәжірибелік құндылығы осы мақалада берілген
ұсыныстарды отандық қонақ үйлерде қолдану мүмкіндігіне негізделген.