Аннотации:
Қазіргі уақытта туризм әлемдік экономикадағы ең табысты және қарқынды дамып келе
жатырған салалардың бірі болып саналады. Бұған дәлел туризм саласына әлемдік жалпы ұлттық табыс
үлесінің шамамен 10% тиесілі екендігі. Әлемдегі ең табысты бизнестің бірі ретінде әрекет ететін туризм
– елдің немесе аймақтың бюджетін қалыптастыруда маңызды көздерінің бірі болып табылады. Мақалада
2010-2017 жылдарға арналған туристік қызметтердің халықаралық нарықта даму үрдістері қарастырылды.
Сонымен қатар халықаралық туризмнен түскен табыстарға және халықаралық туристік кеулерге ерекше
көңіл бөлінді. 2017 жылы әлемдік туризм нарығының құрылымына талдау жасалып өзгерістер анықталды.
Талдау барысында туризмнің қарқынды дамуы, ең алдымен, дамушы елдерде байқалады. Соңғы жылдары
халықаралық туристік келу көлемінің үлкен бөлігі дамушы елдердің үлесіне тиесілі болып табылады.