Аннотации:
Мақалада мемлекеттік сатып алудың конкурстық механизмін қалыптастыруда кездесетін
мәселелер көтерілген. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алудың көбісі баға ұсынысы әдісімен мемлекеттік
сатып алудың веб-порталында өткізіледі. Баға ұсынысының күрделі емес тәртібіне қарамастан мемлекеттік
сатып алуды өткізу кезінде жабдықтаушылар мен тапсырыс берушілер арасында түсініспеушілік туындайды.
Туындаған мәселелерді тапсырыс беруші тұрғысынан да, жабдықтаушы тұрғысынан да тұтас қарастыру
маңызды. Баға ұсынысын сұрау әдісі бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу кезіндегі тапсырыс берушінің
негізгі тәртіп бұзушылығы аталып өткен. Мемлекеттік сатып алуды өткізудің қазақстандық ережелерін
әлемдік стандарттармен үйлестіру қажеттілігін және халықаралық инженер-кеңес беруші федерациясымен
танылған конкурстық сауданы өткізу әдістемесіне назар аудару қажеттілігі аталып өткен.
Мемлекеттік сатып алудың конкурстық механизмін қалыптастыруда кездесетін іс жүзіндегі мәселелерді
көтере келе дамыту жолдары да қарастырылған. Конкурсты сәтті өткізудің негізгі қағидалары конкурсты
өткізуші тарапынан талаптарды нақты мазмұндау және нақты міндеттерді қою болып табылады. Жабдықтаушы
алдындағы тапсырыс берушілердің міндеттері де өзекті мәселе: қазіргі уақытта оның міндеттемелері ешбір
заңмен реттелмейтіні және заңнама базасын өзгерту қажеттілігі көтерілген. Осыған байланысты мемлекеттік
сатып алуды өткізудің қазақстандық ережелерін әлемдік стандарттармен үйлестіру қажет.