Аннотации:
Шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттары кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігіне үнемі бағалау жүргізу және оның көрсеткіштерін анықтайтын талдау қажеттігіне негізделеді.
Бәсекеқабілеттілікті бағалау әдістері әртүрлі және зерттеу мақсатына, қажетті бастапқы ақпаратты
және зерттеу субъектілерін алу мүмкіндігіне байланысты. Мақалада кәсіпорындардың бәсекеқабілеттілігін бағалаудың әдістері, оның артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетілген. Мақалада,
сондай-ақ, кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі бірінші кезекте оның нарықтағы өмір сүру циклын
ұзартуға, сонымен қатар өндірілген өнімдері мен көрсетілетін қызметтері және орындалатын жұмыстарының нарықтық сұранысты қанағаттандыру дәрежесін айқындайтын фактор болып саналатындығы айтылған.