Аннотации:
Бұл мақалада өндірістік кәсіпорынның өндірген өнімдерінің өзіндік құнын толық үлестіру және айнымалы шығындар арқылы калькуляциялау әдістері қарастырылған. Өндіріс
шығындарын тиімді басқару үшін өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау тәсілдерінің ерекшеліктерін анықтай отырып, өзара салыстырмалы талдау жасау арқылы ең тиімді тәсілді ұсыну көзделген. Өндірістік шығындарды калькуляциялау мақсатында тұрақты және айнымалы шығындарға
бөлу іс-жүзінде өте күрделі. Себебі әрбір өндірістік кәсіпорынның шығындары әркелкі болуына
байланысты белгілі бір шығын түрлерін нақты тұрақты немесе айнымалыға жатқызу мәселе туғызады. Туындаған бұл мәселе өндірілген өнімнің өзіндік құнының қымбаттауына немесе шығындардың ақталмауына алып келеді. Осы мәселені шешу үшін өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістеріне салыстырмалы талдау жүргізілді.