dc.description.abstract |
Мақалада коммерциялық банктердің қаржылық тұрақтылығына әсер ететін негізгі
көрсеткіштер анықталған. Банктің қаржылық тұрақтылығының мәні несиелік ұйымның әртүрлі сыртқы және ішкі теріс экономикалық факторларға қарсы тұра алатын «иммунитет» күші ретінде қарастыру болып табылады. Коммерциялық банктердің тұрақтылығы мен сенімділігі негізінде оның
төлемқабілеттілігі және өтімділігі жатады деп саналады. Несиелік ұйымның төлемқабілеттілігі
едәуір дәрежеде оның активтері мен пассивтерінің теңгерімділігімен және белгілі бір дәрежеде орналастырылған активтер мен тартылған пассивтердің мерзімдерінің сәйкес болуымен айқындалады. Осылайша, банктің активтері мен міндеттемелерінің жағдайы, активтерінің өтімділік жағдайы,
ресурстық базасының тұрақты болуы, ақша қаражаттарын тарту қабілеті банктің төлемқабілеттілігіне әсер ететін факторлар болып табылады. |
ru |