dc.description.abstract |
Туристік нарық жағдайындағы бәсекелестік қарқынның күшейе түсуі ғылым мен
тәжірибеге негізделген жаңашылдықтар жүйесін пайдалана отырып, инновациялық қызметті жетілдіруге ықпал етеді. Сондықтан Қазақстан дүниежүзіндегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына ену
үшін және туристік саланы жаңа серпінмен дамыту үшін инновациялық ілгерілеуді зерттеп, оның
нәтижелерін іске асыруы қажет. Авторлар мақалада туризм саласындағы инновациялар мен инновациялық қызметтің салаға тән ерекшеліктерін, оның теориялық-әдістемелік зерттелуінің ғылыми
деңгейін, әсіресе, туризмдегі инновацияның тұжырымдамалық негізін қалыптастырған ғалымдар
еңбегі мен олардың ғылыми жетістіктерін және зерттеу бағыттары мен нәтижелерін саралап, бірізді
жүйеге келтірген. Сонымен қатар, ғылыми мақала туризмдегі инновацияның жіктемелік белгілерін,
инновацияның экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық, ресурстық, әлеуметтік, экологиялық тиімділіктерін қарастырған. Авторлар туризм саласындағы инновациялық қызметтің теориялық аспектілерін тиянақты зерттеп, тақырыптың өзектілігін аша білген. |
ru |