Аннотации:
Мақалада бірнеше ғалымдардың мемлекеттік борышты басқарудың теориялық көзқарастары қарастырылған. Мемлекеттік борышты басқару жүйесі, тұтастай алғанда, ел экономикасының тұрақтануына және одан әрі орнықты дамуына елеулі
ықпал ететін экономикалық саясаттың негізгі салаларының бірі ретінде әрекет етеді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік борышының серпіні мен құрылымына талдау
жүргізілді, мемлекеттік борышты тиімді басқарудағы негізігі мәселелер анықталды.
Сыртқы борыштың максималды көлемінің есебінсіз борышты тиімді басқару мүмкін емес. Дүниежүзілік Банк нақты елдің сыртқы борышының максималды қажетті
деңгейін анықтау үшін, борыштың шекті қажетті деңгейін анықтайтын моделін
пайдалануды ұсынады. Бұл модель сыртқы ресурстарды тартудың барынша мүмкін
болатын көлеміне сүйене отырып, елдің орта мерзімді стратегиясын әзірлеуге мүмкіндік береді және елдің макроэкономикалық жағдайын талдау үшін базис болып табылады. Мақалада, сонымен қатар, елдің мемлекеттік борышын оңтайландырудың негізгі бағыттары белгіленді.