Аннотации:
Мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің арасындағы экономикалық қатынастардың реттелуі қарастырылған. 2015 жылы қабылданған «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» туралы заңның
баптары жан-жақты талқыланған. Атап айтқанда мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің анықтамасы, белгісі, мемлекеттік әріптес пен жеке әріптестік арасындағы
қарым-қатынастардың реттелуі, құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік органдар және олардың құзыреттіліктері сарапталды. Сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарын жасау жолдары, жүзеге асырудың интституционалдық және
келісім-шарттық тәсілдерінің мазмұны ашылып көрсетілді. Осы заң аясында қарастырылмаған экономикалық қатынастар қосымша өзге де заңдармен реттелетіндігі айқындалды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру нәтижелеріне
сандық және сапалық талдау жасалды.
Нақты құқықтық құрал мемлекеттік-жекешелік әріптестікті тиімді пайдалануға
мүмкіндік береді және ұлттық құқықтық тәртіп пен қоғамның нақты ерекшелігіне
байланысты өзгеріп отырады. Әрбір мемлекеттің қалыптасқан дәстүрлі құқықтық
ерекшеліктері бойынша мемлекет пен бизнес субъектілерінің арақатынасы реттеле
отырып, нақты бір әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешіп келеді.