Аннотации:
Цифрлық экономика - бұл адами капиталдың, инновациялық даму институттарының және цифрлық экожүйенің даму деңгейін арттыру есебінен ұзақ
мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ететін цифрлық индустрияның, мемлекеттік құрылымдардың және цифрлық инфрақұрылымның экономикасы. Автор экономиканы, әсіресе Қазақстанның аграрлық секторын цифрландыруды дамытудың үрдістері
мен бағыттарын зерттейді. «Цифрлық экономика» сияқты салыстырмалы түрде
жаңа экономикалық анықтаманың егжей-тегжейлі түсіндірмесін кесте түрінде береді.
Авторлар пікірлерінің көпшілігін жүйелеп, «Цифрлық экономика» экономикалық санатын түсіндіруді - зерттеуші осы қысқаша тұжырымды анықтама арқылы бизнесті
жүргізу әдісі; (электрондық) коммерция әдісі; жаңа технологияларды қолдануға негізделген жаңа инфрақұрылым объектісі; ақпарат пен білімге негізделген экономика түрі
ретінде өзіндік ой қалыптастырады.
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде, авторлар елдің ауыл шаруашылығын цифрландыру процесінің дамуы әлі де төмен жағдайда болғанын атап көрсетті. Сонымен қатар, осы саладағы белгілі бір әдіснамалық, ұйымдастырушылық, институционалдық,
қаржылық, кадрлық проблемалардың бар екендігін, атап айтқанда, ауыл шаруашылығының цифрлық экономика стандарттары мен құралдарына дайын еместігін, ауыл шаруашылығында қайта құрулар жүргізудің тиімді механизмдері мен құралдарының
жоқтығын (билік құрылымдарының дайын еместігі), тиісті даярлықтағы кадрлардың
жетіспеушілігін, салада ауқымды қайта түрлендіру жүргізу және оларды тарту мен
жинақтаудың ұтымды механизмдері үшін қаржы қаражатының қажетті мөлшерінің
болмауы, тұтастай алғанда агрокомпаниялардың инертті қатынасы және тағы басқа
мәселелерді куәландыратын нақты тұжырымдарға келеді.