Аннотации:
Мақалада авторлар агломерациялық қалалардың экономикасын жаңғырту,
әлеуметтік-экономикалық дамуын және халықтың өмір сүру сапасын арттыруды
қамтамасыз ететін инновациялық дамуын басқару үдерістерін жетілдіру жолдарын
қарастырған.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында қала экономикасын жаңғырту және оның
инновациялық дамуын басқару өте жоғары басымдыққа ие болып отыр. Агломерациялық
қалалардың инновациялық дамуын басқару стратегиясын, тетіктерін, әлеуметтікэкономикалық мәселелелерін анықтау бойынша ауқымды зерттеу жұмысы жүргізілді.
Агломерациялық қалаларының экономикасын әртараптандыру, бәсекеге қабілеттілігі мен
инвестициялық тартымдылығын арттыруға және халықтың өмір сүру сапасының артуына
септігін тигізетін инновациялық даму мүмкіндіктерді ашып көрсетуге тырысқан.
Сондай-ақ, авторлар агломерациялық қалалардың инновациялық дамуын басқару тетігін
және оны іске асыру құралдарын зерттеу маңызды деп санап, осы мақалада жан-жақты
зерделеп көрсеткен. Агломерациялар қаланың маңайында қалыптасқан елді-мекендердің,
бір орталыққа яғни, жалпы көлік-логистикалық, мәдени, өндірістік, инновациялық және
еңбек ресурстарының топтасуын дамытады. Агломерация кәсіпкерлік саланың жағдайын,
халықтың тұрмысын жақсартуға, инновациялық, ғылыми және шығармашылық қызметтің
дамуына, инвестицияның көп көлемде келуіне ықпал ететіндігін дәлелдеуге тырысқан.