Аннотации:
Мектептегі интерактивті оқыту әдістемесі ұғымы жаңа мағынаға ие
болды. Бұл мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесу процесі ғана емес – бұл оқу процесін
ұйымдастырудың жаңа кезеңі. Мақалада автор оқытудың интерактивті әдістерін
қолданудың ерекшеліктері қарастырған. Өзектілігі: Мектеп бағдарламасында қалыптасқан
сабақ өту әдістерін жаңашаландырып, сабақ барысында оқушылардың белсенділігін
арттыратын әдістерді қолдану. Мақсаты: оқушылардың сана белсенділіктерін арттырып,
білім беру процесіне жұмылдыру.