Аннотации:
Қазіргі уақытта көптеген елдердің алдында ондаған жыл бұрын құрылған
қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту мәселесі тұр. Атап айтқанда, әлеуметтік сала
объектілері «сауықтыруды» талап етеді: емханалар, ауруханалар, балабақшалар, мектептер, ортақ пайдаланылатын жолдар және т.б. Бұл жаңарту айтарлықтай ақша қаражатын салуды көздейді және өз кезегінде қаржыландырудың балама көздерін іздеуді қажет етеді. Осы міндеттерді шешудің пәрменді тәсілдерінің бірі мемлекеттік – жекешелік әріптестік (МЖӘ) болып табылады.