Аннотации:
Бүгінгі күні өңірдің экономикалық әлеуеті мен мүмкіндіктерін дамыту, өңірдің
инновациялық дамуы мен трансформациясына жәрдемдесу үшін мемлекеттік және шетелдік
инвестицияларды тартудың неғұрлым перспективалы және тиімді жолдарының бірі – арнайы
экономикалық аймақтарды (АЭА) құру болып табылады. Мақалада Қазақстан аумағында
экономикалық аймақтарды іске асыру тиімділігінің негізгі басымдықтары, олардың бәсекелік
артықшылықтарды арттыру факторы болып табылатын өңір экономикасында да, тұтастай
алғанда мемлекетте одан әрі дамуы қарастырылады.