Аннотации:
Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қаржы-экономикалық
қатынастардың тұрақты дамуы мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Аса маңызды факторы
ұзақ мерзімді перспективада отандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі оның нарықтық
құнының өсуі және осы мақсатқа жетуге бағытталған тиімді басқару жүйесін құру болып
табылады. Дамыған елдердің тәжірибесі бизнес құнының оң серпіні оның ұзақ мерзімді және
тұрақты жұмыс істеуін айқындайтынын, қоғамның әл-ауқатының өсуіне және елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететінін көрсетеді. Сондықтан компанияны
басқару компанияның нарықтық бағасы негізінде ұзақ мерзімді перспективада оны барынша
арттыру критерийлері бойынша оның құнын қалыптастыру процесін басқаруды қамтуы керек.