Аннотации:
Мақалада жаһандық сын – қатерге айналған коронавирус пандемиясы
кезеңіндегі ЕАЭО елдерінің экономиканы тұрақтандыруға, кәсіпкерлікті қолдауға арналған
шаралары қарастырылған. Пандемия әлем елдерінің экономика секторында айқын көрініс
тапты, бұл жағдайды ЕАЭО елдері фискалдық саясаттың көмегімен реттеуді ұстанды, яғни
салық жеңілдіктерін енгізді.
Салықтық жеңілдіктер салықтық реттеу мен басқаруда маңызды құрал болып
табылады. Салықтық жеңілдіктер ынталандырушы және әлеуметтік функцияларды жүзеге
асыруға арналған. Ел экономикасында салықтық жеңілдіктердің көмегімен шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қызметіне әсер етіп, қолайлы бизнес-климат жасайды. Белгілі салыққа сәйкес келетін салық жеңілдіктері оларды салықтық реттеудің басқа құралдарынан ерекшелейтін белгілерге және нысандарға ие. Осы тәсілдемелер негізінде қолданыстағы салық заңнамасына сай ЕАЭО елдерінде қолданылатын салық жеңілдіктерін сыныптауға болады.