Аннотации:
Бұл мақалада дене шынықтыру пәнінің болашақ мұғалімдерін
даярлаудың білім беру үдерісінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану
мәселелері қарастырылады. Қашықтықтан білім беру технологиялары оқу үдерісін
технологиялық сүйемелдеуді жүзеге асырылуы және оқытушылар мен профессорлар
құрамы қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқытуды жүргізуге үйретудің
әдістік ұсыныстары келтірілген.
Қашықтықтан оқытудың тиімділігі мен сапасы дамыған материалдық-техникалық
базаға және оқу үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің болуына ғана байланысты
емес, демек көбінесе оқытушылардың қашықтықтан оқыту жүйесінде кәсіби қызметті
жүзеге асыруға арналған дайындығымен анықталуы талданады. Қашықтықтан оқыту
кезіндегі үдерісінің негізі-студенттің мақсатты және басқарылатын қарқынды өзіндік
жұмысы, ол өзі "оқытудың жеке траекториясын" таңдай алады, яғни оқу пәндері мен
курстардың даму тізбегін анықтай алады, өзіне ыңғайлы жағдайда, жеке қарқынмен,
өзіне қолайлы уақытта оқи алады.
Дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлау жүйесінде қашықтықтан оқыту
технологияларын жеткіліксіз қолданудың негізгі себебі, білім алушыларды қашықтықтан
оқыту жүйесінде кәсіби қызметті жүзеге асыруға дайын еместігі, байланыс сағаттарын
қажет ететін шығармашылық мамандықтың ерекшелігі болып саналады.