Аннотации:
Бұл мақалада қазіргі уақыттағы Қазақстан жастарының денсаулығы мен
салауатты өмір салтын басқару мәселесіне назар аударылады. Мақалада жастардың
салауатты өмір салтын ұстануына қандай өмірлік құндылықтары әсер ететіндігі жөнінде
теориялық талдау жасалынды. Және де жастардың өмірлік құндылықтары мен салауатты
өмір салтының өзара байланысы бойынша көптеген авторлардың еңбектері
қарастырылады. Жастардың құндылықтық бағдарлары мен денсаулығына көңіл бөлуі
олардың салауатты өмір салтын толыққанды ұстануына алып келетіндігі теориялық
тұрғыдан дәлелденді.