Аннотации:
Мақалада ХХ ғасырдың басы мен қазіргі заманның ұжымдық жадыны
зерттеген еуропалық ғалымдардың (М.Халбвакс,Я.Ассман, С.Сак) еңбектерінің мысалында
философиялық ұғымдар (феноменологиялық, мәдени-тарихи және герменевтикалық)
тұрғысынан ұжымдық жадыға талдау жасалады. Аталмыш талдау ұжымдық жады
феноменін зерттеуге, мәдени және дәстүрлі ерекшеліктерді ұрпақтан-ұрпаққа тарату
арқылы есте сақтау қабілетінің әлеуметтік идентификациясын қалыптастыруға, сондайақ тарихи дамудың кез-келген кезеңінде өзін-өзі тану үшін қоғамның өткен тарихын қайта қарастыру мүмкіндігіне деген қызығушылығымен байланысты.