Аннотации:
Этика және этикет сөздерін көбінісе синоним ретінде қарастырып жатады.
Әрине, екеуі де адамның қоғамдағы өзін-өзі ұстау жөніндегі тәртіптер болып саналады.
Бірақ, біз оларды бір нәрсе ретінде қарастыра алмаймыз.
Этика – философия ғылымының бір саласы. Оның оқу объектісі-мораль. Бірақ
«мораль» мен «этика» сөздерін шатыстырмаған жөн. Этиканың басты мәселесі- ізгілік пен
жамандықты айыра білу болып табылады.
Ал этикет – қоғамда өзін-өзі ұстау қағидаларының жиынтығы. Ол адамның
қоғамдық орындарда, телефонмен сөйлескенде тіпті интернет желісінде ұстану керек тәртіп нормаларын қамтиды.
Сонымен, этикет қоғамдағы дұрыс тәртіп болса, этика тек қана қоғамдағы емес,
сонау адамның жан- дүниесінің сұлулығын реттейтін үлкен философиялық ілім.