Аннотации:
Мақалада көлік ағынының мониторингі негізінде көліктік логистикалық
жүйені дамыту мәселелері қарастырылған. Көлік логистикалық жүйесін іске асырудағы автомобиль көлігінің рөлі және көлік ағынының жол желісінің жай-күйі мен дамуына әсері келтірілген. Жалпы кӛлік-логистикалық құрылымда автомобиль көлігі алатын жағдайға талдау келтірілген. Көлік бақылауы субъектілерінің Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ Қазақ Республикасының халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы халықаралық шарттарының талаптарын
сақтауын қамтамасыз ету сияқты мониторинг жүргізудің мақсаттары мен өзектілігі
айқындалды. Байланыс типті детекторлар (бірінші буын детекторлары, электромагниттік
детекторлар (екінші буын детекторлары), радиациялық детекторлар (үшінші буын
детекторлары) сияқты сезімтал элементтердің түрлерін қамтитын детекторлық
құрылғыларды қолдана отырып бақылау әдістері ұсынылған. Ақпаратты талдау сапасын арттыру, автокөлікті сәйкестендіру, қозғалыс қауіпсіздігін арттыру, жол-көлік желісінің өткізу қабілетін арттыру мақсатында, қозғалыс пен көлік ағынына мониторинг жүргізу схемасын ұсынылды. Синтезделген мониторинг жүйесінің негізінде жыл, тәулік ішінде АКҚ
техникалық-пайдалану көрсеткіштерін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін толыққанды және
көп компонентті деректер базасын қалыптастыруға болады.