Аннотации:
Мақала қазіргі таңда өзекті мəселе болып табылатын оқушылар білімін экологияландыруға арналған. Мектеп жасындағы балаларды экологиялық мəдениетке үйрету арқылы теориялық білімдерін тəжірбиемен ұштастыру негізгі мақсат болып табылады. Негізгі зерттеу нысаны ретінде - Маңғыстау облысы қаралып, оның экологиялық мəселелерін айқындап, шешу жолдары қарастырылды. «Жасыл мектеп» моделі аясында аталған құндылықтарды ескеріп, оқушылардың географиялық білімдерін экологияландыру шаралары бойынша ұсыныстар жасалды.