Аннотации:
Бұл зерттеуде триэтоксивинилсиланның (ТЭВС) УК-инициалданған егу полимеризациясы
және 1Н, 1Н, 2Н, 2Н-перфтордодецилхлорсиланның (ПФДТС) ковалентті қосылуы арқылы алынған
полиэтилентерефталат (ПЭТФ) негізіндегі гидрофобты трек мембраналары (ТМ) суды пестицидтен
(карбендазим) тазартуда тікелей түйіспелі мембраналық Дистилляция әдісімен сыналды. Карбендазим
ерітіндісі 5, 10 және 20 мг/л концентрациясында қолданылды. пермеат өнімділігінің максималды мәні 214
г/м2·сағ. пермеат ерітіндісіндегі карбендазим концентрациясы 100 мкг/л-ден аспады.