Аннотации:
Бұл мақалада қазақ ым тілін жеке ым тілі ретінде өмір сүре алатынын дәлелдеу мақсатында, қазақ, орыс, ағылшын, түрік ым тілдерімен салыстырмалы анализ жасалды. Ымды көрсету формасы конфигурация (қол / білек), орындау орны (локализация), қозғалыс бағыты, қозғалыс сипаты және қолмен жасалмайтын компонент (бет әлпеті мен артикуляциясы) тұрғысынан зерттеу жасалды. Зерттеу нәтижесінде 1045 сөздің 4 тілде көрсетілу формаларын бақылау нәтижесінде Қазақ ым тілі жеке ым тілі ретінде өмір сүре алатыны дәлелденді.