Аннотации:
Аталған мақалада Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін қаржыландыру негізінде елдің ұлттық бәсекегеқабылеттілігін арттыруға болатындығына назар аударылады. Білім беру жүйесінің барлық сатысының өз ерекшеліктеріне сәйкес анықталатын көрсеткіштер негізінде адами даму индексі, білім алушылар мен мекемелер саны, білім саласына жұмылдырылған қаражат пен оның ЖІӨ үлесі, сонымен бірге жан басына шаққандағы ЖІӨ секілді көрсеткіштер негізінде талдау жүргізіледі. Көрсетілген көрсеткіштер ұлттың бәсекегеқабылдеттілігін арттыруға негіз бола алатындығын зерттеу әдіснамасы негізінде жүргізілген талқылаулар арқылы айқындауға болады.