Аннотации:
Банктер өздеріне тиесілі қызметтерді іске асыру арқылы экономикадағы уақытша бос қаражаттарды жинақтай отырып, жоғарғы табысты игеру үшін қаражаттарды орналастырады, сондай-ақ, кез келген мемлекет үшін банктердің қаржылық тұрақтылығы ол тұтас мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығының кепілі ретінде саналады. Жалпы банктер өздерінің қызметтерін жүзега асыру барысында тәуекелге бара отырып, төлем қабілетсіздігіне немесе дәрменсіз күйге ұшырауты мүмкін. Дәрменсіздіктің алдын алу, тұтынушылардың банк саласына деген сенімін жоғалтпау және салымшылардың мүдделерін қорғау мақсатында банктердің қызметін реттеу және қадағалау мәселесі маңызды болып табылады. Жоғарыда атап өткен мәселеге сүйене отырып, аталған мақалада Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктер қызметін тәуекелге бағытталған реттеу және қадағалауды жүзеге асыру тетіктері зерттеліп, банктердегі тәуекелдерді бағалау және бақылаудың маңыздылығы да аталып өтілді. Сонымен қатар, қазіргі жаңа технологиялардың дамуы мен қаржы нарығының жаһандануы қарсаңында банктер қызметін реттеу мен қадағалау барысында жаңадан құрал ретінде стресс –тестілеу қарастырылған.