Аннотации:
Жұмысты жазу кезіндегі мақсат – кәсіпорын қызметіндегі қаржылық және инвестициялық тәуекелдерді басқару жағдайын талдау мен бағалау нәтижесінде туындаған мәселелерді айқындап, оларды төмендету бойынша ұсыныстарды енгізуді анықтау. Жұмыстың ғылыми жаңалығы – тәуекел теориясының концептуалды аппаратын анықтау; экономикалық қызметтің нарықтық жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық және инвестициялық тәуекелдерін барынша төмендету жолдарын қалыптастыру. Зерттеудің жұмыс нәтижесінде тұрақты өсуге, сондай-ақ күшті экономикалық тұрақсыздық жағдайында бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізу үшін кәсіпорындарында тәуекелдерді басқарудың интеграцияланған жүйелерін қалыптастыру орынды екендігі көрсетілген, бұл біріншіден тәуекелге төзімділік, тәуекел капиталы сияқты ұғымдарға негізделуі керек.