Аннотации:
Мақалада Қазақстан Республикасындағы салық механизмінің жұмыс істеуінің өзекті мәселелері және экономикадағы рөлі зерттелді. Зерттеудің негізгі әдістері ретінде талдау және синтез, индукция және дедукция әдістері, гипотезаларды жобалау әдісі қолданылды.Жалпы,салық саясаты экономикалық жағдайға әсер етудің мемлекеттік құралы ретінде жетекші орын алады. Мақалада әлемдік пандемиядан кейінгі әлемдегі және Қазақстандағы салық жүйесіндегі өзгерістер қарастырылды.Статистикалық деректерді зерттеу негізінде мақалада салық механизмінің тиімділігі, салық жүйесі анықталған. Біздің пікірімізше, салық жүйесі қоғамның барлық әлеуметтік топтарының - кәсіпкерлер, жұмысшылар, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, зейнеткерлер және т. б. мүдделерін оңтайлы үйлестіруге негізделуі керек.Біздің ойымызша,салық жүйесінің тиімділігі әлемде әлі күнге дейін өзекті мәселе болып тұрған көлеңкелі экономикамен күресті жеңілдетеді.Мемлекеттің салық ауыртпалығының оңтайлы шекараларын анықтауға деген ұмтылысы өндірістің өсуіне ықпал етеді және ұлттық экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасайды.