Аннотации:
Бұл мақала салықтық реттеудің ұлттық тұжырымдамасының негізі ретінде салық жүйесін жетілдіру бағыттарын ашуға арналған. Қазақстанның салық жүйесін жаңғыртуды жүргізу қазіргі кезеңдегі кезек күттірмейтін қажеттілік болып табылады. Салық жүйесінің қазіргі жағдайы қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне байланысты көптеген нақты факторлармен анықталады. Салықтық қатынастардың проблемалары бойынша ғылыми зерттеулердің айтарлықтай көлеміне қарамастан, салық саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық база мен құқық қолдану тәжірибесі одан әрі үйлестіруді және дамытуды қажет етеді, бұл қазіргі жағдайда ерекше маңызды.