dc.description.abstract |
Қазіргі қазақ романының жанрлық түрленуінің бір көрінісі - Зейнолла Қабдоловтың
«Менің Әуезовім» роман-эссесі. Мақалада роман-эссенің бас кейіпкері қазақ әдебиетінің ұлы жазушысы
Мұхтар Әуезовтің образын жасаудағы портрет пен диалогтің көркемдіктің қызметі қаралды.
Автордың портреттік сипаттауының өзіндік ерекшелігі бар. Роман-эсседе портрет, біріншіден, ұлы
жазушының әрбір сөзіне ынтық, шексіз сүйіспеншілікке толы шәкірт көзімен бейнеленсе, екіншіден,
кейіпкердің өзі төгіле сөйлеген лекция үстінде үнемі өзгеріп, жаңа қырымен танылады. Дарынды
жазушының қолданысындағы диалог – кейіпкерлердің арасындағы сылдыр сөз емес, олардың тұлғалық сипатын ашудың, даралаудың көркемдік амал-тәсілдерінің бірі. Мақалада М.Әуезовтің портретінен қазақ халқының қайталанбас данышпандық келбеті мен оның диалогтерінен толысқан ақыл-парасат, шешендік, қайраткерлік танылатындығы шығармадан үзінділер беру арқылы талданды. |
ru |